Атырау, 25 қараша 04:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Байқоңырдан KazSat-3 спутнигі "Протон-М" зымыранымен ұшырылды

4 665 просмотра
Байқоңыр ғарыш айлағынан қазақстандық телекоммуникациялық KazSat-3 спутнигі және "Луч-5В"  ғарыштық аппараты "Протон-М" зымыранымен ұшырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz оқиға орнынан. 

"Протон-М" зымыраны "Бриз-М" екпінді блогымен алдын ала жоспарланғанындай Астана уақыты бойынша 10.25-те ұшырылды. Келесі қадам KazSat-3 спутнигінің бөлініп, орбитаға шығуы болмақ. Бұл зымыран ұшырылған соң бірнеше сағаттан кейін болады деп күтілуде. 

Спутник бұрынғы KazSat-2 тандемінде жұмыс істейді. Ғарыштық апараттардың бірі шалыс қызмет еткен жағдайда олар бір-бірінің орнын алмастыруға қабілетті. Спутниктер толыққанды байланыс жүйесін құра алады. Ғарыштық аппараттарды басқару жүйесіне негізгі "Ақкөл" және қосымша "Алматы" кешендері енген. Сонымен Қазақстан шетелдік байланыс және хабар тарату жүйесінен автономды және тәуелсіз бола алады. Қазақстандық спутниктерді қолдану импорттық телекоммуникация қызметтерін жылына төрт миллиардқа төмендетеді деп күтілуде. Бұдан бөлек, KazSat-3 Қазақстанда және Халықаралық электробайланыс орталығында өзінің орбиталық позициясын бекіте түспек. 

Жалпы KazSat ұлттық жүйесі қазақстандық байланыс операторларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылған. Сондай-ақ, бұл жүйе мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін жоғарлата отырып, мемлекеттік ұйымдарды тәуелсіз байланыс арналарымен қамтамасыз етеді, олардың шетелдік спутниктерді жалдауға жұмсалатын қаржыларын үнемдеуге септігін тигізеді. 

KazSat аппараттарының топтамасы HD форматында хабар тарату, Интернетке қолжетімділікті кеңейту, мобильдік абонент терминалдарына интернет-трафик және дыбыс тарату жүйелерін қосуды қамтамасыз етеді. Осы сегменттегі Қазақстанның ішкі нарық потенциалы әлі толық игерілмеген.

Естеріңізге сала кетейік,  Қазғарыш 2014 жылы үш ғарыштық аппарат ұшыруды жоспарлап отыр. KazSat спутнигінен басқа Жерді алдын ала тексеретін екі дистанциялық аппарат ұшырылады. 

Дереккөз: tengrinews.kz

 

28 сәуір 2014, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.