Астана қаласы ТЖД-не «Көркем» ТК құрылысындағы металл конструкциясы құлап, 18 құрылысшы зардап шекті, деп хабарлайды елордалық ТЖД.
Алдында 7 адам зардап шекті деп хабарланған.
Ведомствоның мәліметінше, ТЖ туралы хабар 25 сәуір күні сағат 9:00-де келіп түсті.
"Құтқарушылар келіп жеткен сәтте металл үйінділерінің астында 4 адам қалып қойғаны белгілі болған. Оларға ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-ның қызметкердері шұғыл көмек көрсеткен", - делінген хабарламада.
Оқиға орнында 5 жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерге көмек көрсетуде.
"Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға салдарынан 18 адам зардап шекті", - деп хабарлайды ведомство.
Ілініп тұрған металл конструкцияларды бекіту жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда құрылысшылар мен Астана қаласы ТЖД Құтқару қызметінің жеке құрамының күшімен зардап шеккендердің барлығы үйінді астынан шығарылды.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.