Атырау, 25 қараша 04:52
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қорғаныс министрлігі мен НАТО өкілдерінің кездесуінде 2014-2015 жылдарғы әріптестік жайы талқыланды

1 264 просмотра
Астанадағы ҚР Қорғаныс министрлігі мен НАТО өкілдерінің кездесуінде басты тақырыбы 2014-2015 жылдарғы әріптестік мақсаттарды іске асыру мәселелері болды, деп хабарлайды BNews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«НАТО-ның «Жоспарлау және талдау» бағдарламасын орындау шеңберінде өткен кездесуде ҚР Қарулы күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін дайындықтарға, оқу-жаттығуларға, сондай-ақ, көпұлтты контингент құрамында бейбітшілікті қолдау бойынша БҰҰ операцияларына қатысуға дайындау мәселелері талқыланды»,-делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, НАТО-ның 2014-2015 жылдарғы бағдарламасының жаңа циклына бітімгершілік контингенттерін БҰҰ мен НАТО стандарттары бойынша дайындау және жарақтандыру, қорғаныстық жоспарлауды зерделеу, штаб офицерлерін оқыту, киберқауіпсіздік мәселелері кіреді.

Ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдерімен кеңес өткізілді.

Дереккөз: bnews.kz

 

25 сәуір 2014, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.