Атырау, 25 қараша 04:16
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бостондағы жарылысқа күдіктілердің бірінің әкесі виза алды

2 005 просмотра

Әмір Ысмағұлов ұлы Азамат Тәжіаяқовтың ісі қаралатын сот отырысына қатысатын болды. Бұл жөнінде ол «Астана» арнасының тілшілеріне телефон арқылы хабарлады. Сондай-ақ, көптен күткен визаны алуға мүмкіндік алғанын қуана жеткізді.

Еске салайық, қазақстандық қос студент Азамат Тәжіаяқов пен Диас Қадырбаев Бостон марафонындағы лаңкестік әрекетке қатысы бар деп айыпталған. Прокурорлар олардың әрқайсысын 25 жыл абақтыға жабу жазасын сұрап отыр. Әмір Ысмағұловтың айтуынша, сот процесі 30-шы маусымда басталады.

Әмір Ысмағұлов, Азамат Тәжіаяқовтың әкесі:

3 наурызда құжат өткіздім. Ұзақ күттім. Еліміздің СІМ-гі ресми нота жолдаған соң барып берді, 18 сәуірге. Билетке тапсырыс беремін енді.

Дереккөз: Астана телеарнасы

23 сәуір 2014, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.