Атырау, 25 қараша 03:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркия жағалауында тынығуы тиіс 180 адам далада қалды

1 544 просмотра

Елімізде түрік әуе компаниясына қатысты кезекті шу шықты. Бұл жолы Анталияға саяхатқа кетуі тиіс 180 қазақстандық Алматы әуежайында еріксіз түнеуге мәжбүр болған деп хабарлайды КТК арнасы.

Барлығы да "Гүлнар-тур" компаниясынан жолдама алғандар. Келісім бойынша оларды "Атлас джет" әуе компаниясының чартерлік рейсі Қара теңізге жеткізуі тиіс болған екен. Бірақ аталмыш рейс не Алматы әуежайының, не түрік әуе компаниясының кестесінде тіркелмеген болып шықты.

Енді ғана отау құрған Әзиза мен Руслан бал айын Қара теңіз жағасында өткізуі тиіс болған. Бірақ ғашықтардың Алматы әуежайында күткен рейстері келмей, тосылып қалды. Ұшаққа қатысты қиындықтың туғанын оларға алдын ала ешкімде хабарламапты.

"Біз Алматыға Қызылордадан түнгі бірден келіп түстік. Сөйтіп, 4-те Анталияға ұшуымыз керек еді. Бірақ неге екені белгісіз ұшақ келмеді. Ешкімде оның себебін жөнді түсіндірмеді. Енді, міне, екінші күнге кетті, әлі жоқ. Өз ақшамызға пәтер жалдап жатырмыз", -  дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Әзиза Батырхан.

Осы келмеген рейспен Түркияға елімізден 180-ге жуық адам кетуі тиіс болыпты. Ескерту әрине оларға да айтылмаған.

Сөйтіп, тентіреген жұрттың бірі туыстарын жағаласа, енді бірі қонақүйге келген. Мәселен, 13 саяхатшы ендігі не істерлерін білмей жатыр.

"Барлығымыз да ескертусіз қалдық. 10 күнге демалыс алып едік, екі күніміз мына жерде өтті. Хабарлассаң бірде бірі дұрыс жауап қатпайды. Не ақшамызды қайтарсын моральдық шығынмен қоса, не апаратын жеріне тез жеткізсін. Әйтпесе сотқа береміз!", - дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Ирина Юрченко.

Ал 180 саяхатшыға жолдама сатқан "Гүлнар-тур" туристік компаниясын туындаған мәселеге қатысты нақты жауап бере алмай отыр. Айтуларынша, "Атлас джет" ұшағы белгісіз себептермен келмей қалған.

"Жаңа келісімге сай түрік әуе компаниялары 16 чартерлі рейс беруі тиіс болған. Сонымен мына туристер кетуі керек еді. Білмеймін бірақ неге бұлай болғанын. Олар бізге де ескерту жасамады", - деп ақталды турфирма менеджері Генадий Виволанец.

Осылай деген жауапты мекеме бүгіннен қалмай жолаушыларды Анталияға жеткізуге уәде етіп отыр. Айта кетсек, бұл еліміздегі түрік әуе комапаниясына қатысты туындап отырған бірінші шулы жайт емес. Былтыр "Sky Airlines" компаниясы мыңдаған саяхатшыны жарты жолда қалдырған еді. Кейін фирманың банкрот атанғаны мәлім болды.

Осы шудан соң түрік әуе компанияларына чартерлік рейстермен айналысуға біздің Үкімет тыйым салған болатын. Бірақ отандық турфирмалар бұл тыйымға құлақ аспай,билетті әлі сол чартерлерге сатып жатқан сыңайлы.

Дерккөз: КТК арнасы

23 сәуір 2014, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.