Атырау, 25 қараша 03:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстандық чартерлік LukAero тасымалдаушысы ұшу рұқсатынан айырылды

1 992 просмотра

Қазақстандық чартерлік тасмалдаушы - LukAero авиакомпаниясының әуе тасымалын жүзеге асыруға берілген сертификаты компанияның авиация қызметі туралы заңнама талаптарын орындамағаны үшін кері қайтарылып алынды, деп хабарлайды сейсенбіде Бас көлік прокуратурасы. 

Қадағалау ведомствосының мәліметінше, авиакомпанияның қолданыстағы заңнамамен бекітілген сертификациялық талаптар мен шектеулерді орындамау фактілері анықталған. Авиакомпанияда әуе кемелер болмаған, осылайша "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңның талаптары бұзылған. 

"Прокуратураның ұйғарымы бойынша Қазақстан Көлік және коммуникация министрлігі азаматтық авиация комитеті " LukAero " Авиакомпаниясы" АҚ-ның авиациялық жұмыстарды атқаруға арналған пайдаланушының сертификаты кері қайтарылып алынды", - делінген хабарламада. 

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
22 сәуір 2014, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.