Атырау, 25 қараша 03:59
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейлік СІМ Гитлер жайлы жазған журналға қатысты Қазақстанға нота жолдады

3 804 просмотра

Ресей сыртқы істер министрлігі 21 сәуірде Қазақстан билігін "Жұлдыздар отбасы - Аңыз адам" журналының Адольф Гитлер туралы материал басқанына байланысты бір шара қылады деген үмітте екенін" мәлімдеді.

"Біз Қазақстанның байланыс және ақпарат министрлігінің журналдың аталған санына қатысты жедел түсінік бергеніне назар аудардық. Материалдар мазмұнында елдің конституциясы мен заңнамаларын бұзатын белгілері бар. Осыған байланысты біз бір шара қолданылады және ол туралы біздің елімізге хабарланады деген ойдамыз", - деп жазылған Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде.

"Жұлдыздар отбасы - Аңыз адам" журналы сәуір айындағы нөмірінде Адольф Гитлердің өмірі мен қызметін талқылайтын нөмір шығарған еді, деп хабарлайды Азаттық.

Журналдың кезекті саны тұтасымен нацистер көсеміне арналған: Гитлердің жолдастары мен серіктерінің естеліктері, Гитлердің "Майн кампф" кітабынан үзінділер келтірілген. Кітаптағы Гитлердің түрлі-түсті суреті журналдың мұқабасына басылған.

Журналдың санында "Гитлер - фашист емес", Гитлер сіз үшін кім?" және Гитлер - екінші дүниежүзілік соғыстың басты әскери қылмыскері" деген тақырыптар бар. Журналда бұған қоса қазақстандық тарихшылар, сарапшылар мен азаматтық белсенділердің қарама-қайшы пікірлері де берілген.

Басылымның бас редакторы журнал нөміріндегі кіріспеде Гитлердің саясатын айыптаған. Ал Қазақстанның байланыс және ақпарат агенттігі журналдың соңғы санында жарияланған материалдарда "Қазақстан конституциясы мен заңнамаларындағы әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік және діни алауыздықты қоздыру туралы бабын бұзатын белгілер бар" деп мәлімдеген.

Дереккөз: NUR.KZ

21 сәуір 2014, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.