Атырау, 25 қараша 03:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

3 010 просмотра
Жамбыл облысында жексенбі, 20 сәуір күні 52 бос жүк вагонының 13-і рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BNews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 сәуір күні сағат 14:55-те Жамбыл облысы ТЖД-ның кезекші бөліміне теміржол бөлімшесінің кезекші диспетчерінен сағат 14:40-та Т.Рысқұлов ауданы аумағында Луговая-Қорағатты өткелінің 3642 шақырымында 13 жүк вагонының рельстен шығып кеткені туралы хабарлама келіп түседі. № 3951 жүк пойызы Шу стансасынан Жамбыл стансасына қарай бағыт алып бара жатқан. Жүк пойызының барлық 52 вагоны да бос болды. Жолдан шығып кеткен 13 вагонның ешқайсысы аударылмаған. Зардап шеккендер жоқ.

«Апатты-қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына Жамбыл мен Шу стансаларынан 2 пойыз, Т.Рысқұлов ауданы ТЖБ-ның жедел тобы, Т.Рысқұлов атындағы аудан әкімдігінің өкілдері келіп жетті», - деп хабарлады ТЖД-дан.

Алынған ақпаратқа сүйенсек, вагондардың жолдан шығып кетуі салдарынан Көкшетау-Қызылорда бағытындағы №55 пойызы, Қызылорда-Көкшетау пойызы, Атырау-Алматы бағытындағы №30 жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылып, сағат 18:40-та қайта жанданды.

Дереккөз: bnews.kz

 

21 сәуір 2014, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.