Фото: anyzadam.kz"Жұлдыздар отбасы - Аңыз адам" ("Звездный дом - Человек легенда") журналының сәуірдегі таралымы Адольф Гитлердің 125-жылдығына арналды.
Журналдың басым бөлігі Гитлерге арналады. Атап айтсақ, "Гитлер - фашист емес" деген атаумен жарық көрген материалда журналист Нағашыбай Есмырза ұлтшыл-социалистердің көсемін ақтайтын деректер келтіреді.
Басқа материалда авторлар Гитлердің кітабын талқылап, материалдың атауын "Мейн кампф" не туралы кітап?" деп қойған.
ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі "Жұлдыздар отбасы Аңыз адам" журналының сәуір айында жарық көрген нөміріне қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды NUR.KZ.
"Журналдың мазмұнында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын бұзушылық, атап айтқанда әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (ҚР Қылмыстық колексінің 164 бабы) белгілері бар. Аталған факт бойынша Агенттік тиісті шаралар қабылдауда", - делінген мәлімдемеде.
Басылым Жарылқап Қалыбайға тиесілі.
Еске сала кетсек, ол 2013 жылдың қазан айында "Скат" әуекомпаниясының жол серігіне қатысты туындаған дау-дамаймен танымал болған еді.
Ол жол серіктен қазақ тілінде қызмет көрсетуге талап етіп, мемлекеттік тілде қызмет көрсетуден бас тартқан бойжеткенмен сөзге келіп қалған еді.
Артынан ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Дереккөз: NUR.KZ