Атырау, 25 қараша 03:42
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жириновский тағы да Қазақстанның Ресей құрамына кіруге "қалайтынын" мәлімдеді

1 976 просмотра

Ресейдің Либерал– демократиялық партиясының серкесі Владимир Жириновскиий таяуда "Эхо Москвы" радиосының "Дорожная карта" бағдарламасында берген сұхбатында тағы көпіріпті.

Бұл туралы "Ұлт" порталы "NewTimes.kz" ақпараттық агенттігінің ақпаратына сілтеме жасап хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, Жириновский: "К нам в Россию хотят все, кто у нас когда-то состоял. И Киргизия хочет, и Ташкент, и Ашхабад — все хотят. И Казахстан. Все, все, все. Таджикистан, Молдавия. Все! Азербайджан, Армения, Грузия. Грузины, знаете, как нас любят? Они обожают нас. Еще Монголию можно добавить, и Болгарию, и Сербию. Они мечтают быть с нами, ибо немцы, Евросоюз, НАТО их душат, оскорбляют и унижают", - деген мәлімдеме жасады.

Бұдан басқа Жириновский мырза Ресей Федерациясының құрамына Кырымнан басқа Одесса және Украинаның оңтүстік-шығысындағы тоғыз облыс кіруі керек депті.

Еске сала кетсек, бұған дейін де Владимир Жириновский осы мазмұндағы мәлімдемені жасаған болатын.

Сонымен қатар ресейлік жазушы Эдуард Лимонов та Қазақстанның бес облысын тартып алуды ұсынған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі белгілі саясаткерлердің мәлімдемелеріне наразылық танытып, елдегі Ресей елшілігіне наразылық нотасын да тапсырған болатын.

Қазақ мемлекетінің біртұтастығына қауіп төндіретін пікірді Хакасия Жоғарғы Кеңесі төрағасы Владимир Штыгашев та білдірді.

Абырой болғанда, артынан Штыгашев мырза қателік орын алып, БАҚ өкілдері сөзін дұрыс жорымағанын айтып ақталды да, Қазақстаннан кешірім сұрапты.

Бұған қатысты да Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Владимир Штыгашевтың Қазақстанның шығыс облыстарына Ресейдің тарихи құқығы бар-мыс деген ретсіз мәлімдемесіне назар аударып, "Астанадағы және Мәскеудегі ресейлік әріптестерімізбен тиісті жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, мәселені анықтау мақсатында ҚР Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников шақырылды. РФ ресми билігі В.Штыгашевтың мәлімдемесіне баға береді деп сенеміз", - деген мәлімдеме жасаған болатын.

Дереккөз: NUR.KZ

18 сәуір 2014, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.