Атырау, 25 қараша 03:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Демалыс күндерін мамыр мерекелеріне ауыстыру туралы

3 060 просмотра
ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Демалыс күндерін ауыстыру туралы» үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі. 

«Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалыс күні жексенбі 2014 жылғы 4 мамырдан жұма 2 мамырға, сонымен қатар жексенбі 11 мамырдан бейсенбі 8 мамырға ауыстырылды», - делінген хабарламада. 

ҚР Қаулысына сәйкес еңбек, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтылған ұйымдарға, қажетті өнімдер шығару, қаржылық саланы қосқанда қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін кәсіподақ ұйымдарымен келісе отырып 2014 жылғы 2 және 8 мамыр күндері жұмыс істеуге құқық беріледі.
 
17 сәуір 2014, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.