Атырау, 28 маусым 04:25
 дождьВ Атырау +21.2
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Украина мен Қазақстан экономикалық ынтымақтастықты қайта жалғастыруға келісті

2 315 рет қаралды

Украина мен Қазақстан экономикалық ынтымақтастықты қайта жалғастыруға келісті, деп хабарлады Қазақстанның үкімет басшысы Кәрім Мәсімов. 

"Экономикалық ынтымақтастық тұрғысынан, бүгін, мен таңертең (Украина) премьер-министрдің уақытша міндетін атқарушысы Яценюкпен телефон арқылы сөйлескенімді хабарлағым келеді. Біз Украина мен Қазақстан арасында экономикалық қарым-қатынастардың қайта жалғасатындығы туралы келістік. Барлық тараптардың мүдделері ескеріле отырып үкіметаралық комиссия жұмысының да қайта басталуы ықтимал", - деп келтіреді Мәсімовтің сөздерін РИА Новости. 

Жалпы, оның айтуынша, Астананың Украина бойынша ұстанымы өзгерген жоқ.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

16 сәуір 2014, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.