Атырау, 25 қараша 03:35
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Актовегин" дәрісін қолдануға тыйым салынды

1 627 просмотра

Елімізде "Актовегин" дәрісін қолдануға тыйым салынды. Ақтөбеде үш бірдей науқастың өлімінен соң бұл препараттың сапасына мамандардың өзі күмәнмен қарай бастады деп хабарлайды КТК арнасы.

Австриядан шығатын дәріні қазір ұлттық сараптама орталығы зерттеп жатыр. Қортындысы бір айдан соң шығады. Осыдан кейін ғана оның қаншалықты жарамды екені белгілі болмақ.

Ақтөбедегі емханалардың бірінде "Актовегин" тамшысымен егілген 3 зейнеткер қайтыс болған.

Тағы бір науқас ауыр халде облыстық ауруханада жатыр. Осы оқиғадан соң арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары әлі жалғасуда.

Дереккөз: КТК арнасы

16 сәуір 2014, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.