Ал, Ақжарқын Тұрлыбайдың Гуанчжоу түрмесіне қамалғанына 1 айдан асты. Шарасыз ана қызын қапастан құтқарып алу үшін ағайын-туысынан 4 мың АҚШ долларын жинап, сапарға буынып-түйінген. Алайда, Қытайдағы консулдық ата-ананың кездесуінен Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қылмыстық істің шешілмейтінін ескертіп, райынан қайтарыпты. Шырғалаң мен шарасыздық қажытқан Зухра Сейтімова тәртіп сақшыларының салғырттығын айтып, ренжиді. Шетелдің танымал бренд тауарларын тасымалдауға Алматыдан бойжеткенді Қытайға аттандырған топ Алена және Джони есімді Нигерия азаматы мен Дина деген құрбысын тергеуді өтінген ана арызына ешқандай жауап алмаған.
ЗУХРА СЕЙТІМОВА, АҚЖАРҚЫН ТҰРЛЫБАЙДЫҢ АНАСЫ:
- Біздің Қазақстандағы ІІБ менің қызымды алдап жіберген Алена Баянова, Джониді неге жазып алмайды? Бізге Болат айтады жіберген адамдарды ұстасын дейді. Бұл жақтағылар ұстамайды. Сөйлеспейді, түсініктеме алған жоқ. Неге бізге жазасың деп кезекші маған айқайлады.
Бөтен елде қамауда отырған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты іс Сыртқы істер министрлігінің бақылауында. Қазақ қызы абақтының қызметі мен денсаулығына шағым айтпаған. Дегенмен оның тағдырын Қытай соты шешеді.
НҰРЖАН АЙТМАХАНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
- Сол елдің заңнамасына сәйкес іске қатысты тексеру, тергеу жұмыстары 60 күнде жүргізіледі. Нәтижесі бойынша іс сотқа жөнелтіледі. Елшілік аталған мәселені бақылауда. Қазіргі таңда ҚР азаматының құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында тиісті адвокаттың кеңселермен келіссөздер жүргізілуде.
Алайда, Ақжарқын Тұрлыбайдың ата-анасы мемлекеттік адвокаттың қызметінен бас тарқан. Бұл мәселе алдағы уақытта біздің арна тілшілерінің назарында болады.
Дереккөз: Baq.kz