Атырау, 25 қараша 03:35
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қызылордада уланған әскери қызметкерлердің саны 52-ге жетті - ІІМ

1 449 просмотра

2014 жылдың 16 сәуіріне Қызылорда қаласында орналасқан 5547 әскери бөлімнен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген сарбаздардың саны 52-ге жетті, деп хабарлайды Қазақстан  ІІМ баспасөз қызметі.

Ауруханаға жатқызылған әскери қызметшілер толыққанды тиісті ем қабылдауда және маман-дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің тұрақты бақылауына алынған. Олардың хал-жағдайы қазіргі таңда тұрақты.

Әскери бөлімде «ішу режимі» енгізілген, сондай-ақ әскери қызметкшілерді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист-дәрігерлері тарапынан медициналық бақылауы ұйымдастырылған.

Осыған дейін әскери бөлімде ауыз су, тамақ өнімдеріне бактериологиялық зерттеулер үшін сараптама жасалған болатын.

Сонымен қатар сыртқы су-құбыр жүйелеріне техникалық тексеріс жүргізілді.

Бүгінгі таңда барлық тиісті эпидемияға қарсы шаралар толық көлемде ұйымдастырылды, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бақылауға алынды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

16 сәуір 2014, 09:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.