Каспий қайраңындағы қазақстандық секторда Қашаған кен орны 2014 жылы коммерциялық өндіруге шықпауы мүмкін, деп мәлімдеді Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.
"2014 жылы 2,4 миллион тонна көлемде Қашаған кен орнында коммерциялық өндіруге шықпау тәуекелі сақталады. Соған байланысты 1,5 миллион тоннадан кем емес көлемде басқа кен орындарында мұнай экспортын өндіруді ұлғайту мүмкіндігі бойынша ірі жер қойнын пайдаланушылармен қосымша жұмыстар және келіссөздер жүргізілетін болады", - деді ол дүйсенбіде Астанада брифингте.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.