Атырау, 25 қараша 02:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Халықаралық іздеуге жарияланған К.Мәмбетов экстрадицияланды

2 993 просмотра
Бас прокуратураның және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Бюросы Ұлттық орталығының қызметкерлері 2004 жылы қасақана адам өлтірген және халықаралық іздеуге жарияланған Келес Мәмбетовті Испаниядан экстрадициялады деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

2009 жылы Испаниядағы Интерпол Қазақстанның уәкілетті органдарына іздеуде жүрген К.Мәмбетовтің 2007 жылы Испания аумағында жасырынып жүріп және жалған құжаттарды пайдалана отырып қылмыс жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы хабарлады.

Қазақстанның Бас прокуратурасы сол сәттегі біздің мемлекеттер арасында экстрадициялау туралы келісімнің болмауына қарамастан, испандық тарапқа оны беру туралы сұрау салды. Испания билігі жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, тергеу жүргізу уақытына оны қазақстандық тарапқа берді.

Тергеу қорытындысы бойынша күдіктінің кісі өлтіру айыбы толықтай дәлелденді. Астана қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының 2011 жылғы 18 наурыздағы үкімімен Мәмбетов 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген соң алдын-ала келісімге сәйкес 2011 жылдың мамырында ол Испанияға қайтарылды.

Сөйтіп, испандық соттың белгілеген жазасын толық өтеген соң Мәмбетов Отанына экстрадицияланды.

Испания Корольдігінің бұл шешімі қылмыспен күрес саласындағы біздің елдер арасындағы жолға қойылған қарым-қатынасты ескере отырып, сондай-ақ 2012 жылы жасалған мелекетаралық келісімге сәйкес қабылданды.

Қазіргі уақытта К.Мәмбетов Астана қаласының тергеу абақтысына орналастырылды.

Дереккөз: baq.kz

14 сәуір 2014, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.