Атырау, 25 қараша 02:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сыртқы істер министрлігіне Ресей Елшісі шақырылды

2 966 просмотра

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Хакасия Республикасының Жоғарғы кеңесінің төрағасы Владимир Штыгашевтың Қазақстанның шығыс облыстарына Ресейдің тарихи құқығы бар-мыс деген ретсіз мәлімдемесіне назар аударды, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары  ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сонымен қатар, біз Хакасия Республикасының Жоғарғы кеңесінің шенеуніктерінің В.Штыгашевтың сөздерін БАҚ өкілдері бұрмалады-мыс деген мәлімдемесіне де назар аудардық. Алайда, қалыптасқан жағдайда мұндай түсініктемелер жеткіліксіз және қанағаттандырарлық емес деп есептейміз", - делінген мәлімдемеде.

"Сондай-ақ, біздің қоғам В.Штыгашевтың мәлімдесін өткір сынмен қабылдағанын білеміз және қоғам мүшелері Қазақстан мен Ресей Президенттері Н.Назарбаев пен В.Путин 2005 жылғы 18 қаңтар күні қол қойған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында қазақстан-ресейлік мемлекеттік шекара туралы Келісімнің ережесіне назар аударады. Аталған Келісімнің 2006 жылғы 12 қаңтар күні күшіне енуі екі ел арасындағы мемлекеттік шекараның өтуін заңды түрде бекітті", - делінген әрі қарай ресми құжатта.

"Ресей Федерациясы ресми өкілдерінің жиілеп кеткен орынсыз мәлімдемелері терең алаңдаушылық тудырмауы мүмкін емес. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қатынастары екі ел халықтарының терең тарихи және рухани байланыстарына негізделген, бұл екі мемлекеттің де ұлттық мүдделеріне сай келетін және еуразиялық кеңістікте бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қызмет ететін тең құқылы стратегиялық әріптестікті дамытудың кепілі болып табылады. Хакасия Республикасының Жоғарғы Кеңесінің төрағасы айтқан сөздеріне қатысты ҚР СІМ өз тарапынан дипломатиялық арналар арқылы біздің Астанадағы және Мәскеудегі ресейлік әріптестерімізбен тиісті жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, мәселені анықтау мақсатында ҚР Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников шақырылды. РФ ресми билігі В.Штыгашевтың мәлімдемесіне баға береді деп сенеміз", - деп жалғастырды СІМ өкілі.

Дереккөз: NUR.KZ

11 сәуір 2014, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.