Ақмола облысында алты ауданда су тасқыны салдарынан халықтың бір бөлігі қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.
"Қаланың батыс жағындағы су жіберу арнасы өзеннен ағып келіп жатқан суды өткізіп үлгермей жатыр. Түнде өзен суы тағы бірнеше есе көтеріліп, 8 көшенің бойындағы 330 үй топан судың астында қалды. Осыған байланысты су ағысына бөгет болған жол төсенділерін қопарып алып тастауға тура келді. Нәтижесінде су сәл де болса қайта бастады. Дегенмен, қауіптің беті әлі сейілген жоқ",-делінген хабарламада.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.