Атырау, 25 қараша 02:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұлттық банк Болат Өтемұратовқа «Темірбанк» пен «Альянс банктің» ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісімін берді

1 918 просмотра
Болат ӨТЕМҰРАТОВ.Болат ӨТЕМҰРАТОВ.АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк Болат Өтемұратовқа «Темірбанк» пен «Альянс банктің» ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісімін берді.

 Бұл туралы Ұлттық банктің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінен хабарлады.

 «Ұлттық банктің басқармасы 2014 20 наурыздағы «Болат Жамитұлы Өтемұратовқа «Темірбанк» акционерлік қоғамы мен «Альянс Банк» акционерлік қоғамының ірі қатысушысы мәртебесін беру туралы» №34 қаулысын қабылдады», - делінген хабарламада.

 Бұның алдында мәлім болғанындай, «Самұрық-Қазына» АҚ «Темірбанк» АҚ мен «Альянс банк» АҚ үлесін Болат Өтемұратовқа сатуға келіскен болатын.

Тараптар «Темір банктің» 79.88% жай және артықшылықты акцияларын және «Альянс банктің» 16 %-ын жай және артықшылықты акцияларын сатуға келісім берді. Келісім нәтижесінде «Самұрық-Қазына» АҚ «Альянс Банктің» 51 % жай және артықшылықты акциясына иеленіп қалады.

Дереккөз: inform.kz

10 сәуір 2014, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.