Францияның кассациялық соты қазақстандық қашқын банкир Мұқтар Әбіләзовты Ресейе немесе Украинаға экстрадициялау туралы шешім шығару үдерісіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстандық БТА Банкінің бұрынғы басшысы Әбіләзовті 31 шілдеде Францияда Канны қаласы маңында кәсіпкерді экстрадация жасауды талап еткен Ресейдің сауалы бойынша полицияның арнайы бөлімшесі ұстады. Экс-ан-Прованс қаласының соты Мұхтар Әбіләзовті Украинаға экстрадациялау мүмкіндігін қарастыруда, өйткені Қазақстан мен Францияның арасында экстрадациялау туралы келісім жоқ, Ресейге экстрадациялау мүмкіндігі бар, алайда (Әбіләзовтің жағдайында) бірқатар шектеулер бар.
Бұның алдында Мұхтар Әбіләзовтің қорғаушылары Украинаға қарсы арыз түсірді. Бұл шағымда Әбіләзовті Украинаға экстрадициялау мәселесін қарауды доғару талап етілген. Адвокаттардың айтуынша, істе көптеген құқықтық қателіктер орын алуда. Әбіләзовтің қорғаушыларының бірі Жерар Чолякиннің сөзіне қарағанда, украиналық билік француз сотын алдамақшы болған.
Мұхтар Әбіләзов Ресейде, Украинада және Қазақстанда бірнеше қылмыстық істер бойынша айыпталуда. Олардың барлығында да Әбіләзов банктегі 5 млрд. доллар ақшаны шетелге шығарды деген дәлел келтіруде. Мәскеуде оның сыбайластары - Әбіләзовке тиесілі «Еуразия логистик» компаниясының өкілдеріне қатысты сот өтіп, олардың барлығы 8-9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ресейдің экстрадициялау туралы шағымының негізінде Әбіләзов 13 шілдеде Францияның Канн қаласының маңында арнайы жасақтың көмегімен қолға түсті.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.