Атырау, 25 қараша 02:31
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстандық лаңкестің бейнесі жасалды

2 405 просмотра
Қазақстандық лаңкестің әлеуметтік бет-бейнесі жасалды деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, мамандар соңғы алты жылда экстремистік көзқарастары үшін сотталғандарға талдау жүргізіп, ортақ портрет әзірлеген. Айта кетейік, аталған сараптама жұмыстармен Қауіпсіздік бағдарламалар орталығының мамандары айналысты. 

"Ол - жұмыссыз, жасы 28 шамасында, орта білімді, арнайы діни сауаты жоқ, үйленген және бірнеше баласы бар азамат" дейді Бас прокуратура мамандары қазақстандық лаңкесті бейнелей отырып. Олардың айтуынша, лаңкестік үшін сотталған қазақстандықтардың көпшілігі батыс өңірлердің тумалары.
Жалпы, 2013 жылы экстремистік көзқарасы үшін 83 азаматтың үстінен 38 іс қозғалған. Олардың 51-і лаңкестік жасады деп, қалған 32-сі экстремизмді насихаттады деп айыпталған. 

Дереккөз: Baq.kz

9 сәуір 2014, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.