Атырау, 25 қараша 02:32
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сібір жерінде шығатын қазақ тіліндегі жалғыз газеттің бас редакторы - павлодарлық студент Максим Споткай

1 749 просмотра
Осыдан 3 ай бұрын Ресейдің Омбы қаласында мәдени-ағартушылық бағыттағы қазақ тіліндегі «Замандас» газеті жарыққа шыққанын хабарлаған болатынбыз. Бұл идеяны көтерген Павлодарлық студент, Максим Споткай қазір соның бас редакторы, деп жазады kazaitys.kz.

Максимің бұл бастамасын «Шоқан жолы» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстанның Омбыдағы консулдығы қолдаған. Аталған басылым - Сібір жерінде шығатын қазақ тіліндегі жалғыз газет.

«Бұл - Омбыдағы қазақ қауымына арналған мәдени-ағартушылық газет. Онда дәстүр, әдет-ғұрып, мәдениет сынды мәселелер қозғалмақ. Қазақ тілін үйренуге бір бет арнаймыз. Сосын Омбы облысында тұратын адамдар жайлы жазамыз. Мен өзім Орыс тілінде білім беретін мектепті тәмамдадым. Қазақ тілін мектеп бағдарламасы шеңберінде оқыдым. Тіпті, тілімді ширататын қазақтілді орта да болмады. Қазақ тілді меңгеруім, бірінші кезекте - білікті ұстаздардың еңбегі. Оқу барысында Абайдың тіліне деген сүйіспеншілігім ояна түсті. Қазіргі таңда дүйім жұртшылық алдында қысылмай сөз сөйлеу деңгейіне жеттім. Ұстаздарыма айтар алғысым шексіз!», - деді Максим Споткай.

Басылымның бірінші саны Ресейдің Азиялық бөлігіндегі мұсылмандар діни басқармасы Сібір федералдық округінің мүфтиі марқұм Анарбек Жүнісовке арналған.
Газеттің таралымы - 999 дана.

Дереккөз: ҚазАқпарат

9 сәуір 2014, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.