
6 сәуір күні кешке Оралдағы «Медведь» саунасының қарсы бетінде Toyota Camry автокөлігін мінген белгісіз жүргізуші үш жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан ізін суытқан.
«15 минут өткеннен кейін Орал ІІБ жол-патрулдік полициясы батальонының қызметкерлері Молдағұлова көшесінде 39 жастағы Абзал Бірәлиевтің басқаруындағы аталған көлікті ұстады. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша ол автокөлікті орта дәрежелі мас күйінде жүргізген. Шенеунік адамдарды қаққанын мойындаған жоқ», - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Полицейлер тергеу барысында ұсталған азаматтың кінәсі дәлелденіп, әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтті.
Дереккөз: bnews.kz
8 сәуір 2014, 15:21