
Нақтырақ айтсақ, СМС арқылы жедел тараған жалған ақпарат «Альянс банктің» депозиттегі қаржысын 30 пайызға, ал «Банк Центр кредиттің» қаражатын 15 пайызға, «Каспи банктің» депозитін 17 пайызға ортайтыпты.
«Банк Центр кредит» СМС арқылы банктерді әбігерге, салымшыларды сергелдеңге салған Дархан Сәбденовті сотқа берген еді. Қаржы институты оның көпшілік алдында кешірім сұрап, 1 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуін талап етіп отыр. Әзірге сот процесі аяқталған жоқ. Бұған дейін Дархан Сәбденов әкімшілік жазаға тартылып, абақтыда 10 тәулік отырып шыққан еді.
Дереккөз: bnews.kz
8 сәуір 2014, 09:04