Атырау, 25 қараша 02:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанның инвестициялық қорының басшысы ауысты

2 638 просмотра

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы шешімімен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне бұған дейін Холдингтің Аппарат басшысы қызметін атқарған Ерлан Айталиев тағайындалды деп хабарлайды «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі.

Айталиев Ерлан Бахытжанұлы 1976 жылы туған.

Екі жоғары білімі бар: 1997 жылы «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша (әлемдік экономика саласындағы экономист) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін және 2007 жылы «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығы бойынша (инженер) Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін бітірген.

1997 жылы Е.Айталиев өз еңбек жолын «Теңізшевройл» ЖШС маманы қызметінен бастап, кейіннен 2003-2006 жылдарда директордың атқарушы кеңесшісі болды.

2001-2002 жылдары «Қазақойл» Ұлттық компаниясының инвестицияларды басқару, стратегиялық жоспарлау және сыртқы экономикалық байланыстар департаменттерінде жұмыс жасады.

2002-2003 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – Теңізшевройлдағы үлестерді басқару жөніндегі департаментінде менеджер болып жұмыс істеді.

2006 жылғы қазан айында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірлескен кәсіпорындарда үлестерді басқару департаменті директорының орынбасары етіп тағайындалып, бір жылдан соң Дунга жобасын (Маңғыстау облысындағы кен орны) басқару процесіне қатысты.

2010-2012 жылдары Е. Айталиев «PSA» ЖШС қазақстандық қамту жөніндегі үйлестіруші болып, NCOC (Қашаған кен орны) компания жобасы операторының елеулі мердігерліктерінде қазақстандық қамтудың бақылауын және мониторингісін жүргізді.

2012 жылғы ақпанынан 2013 жылғы шілдеге дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қазақстандық қамту департаментінің директоры қызметінде жұмыс істеді.

2013 жылғы шілде айынан бастап «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Аппарат басшысы қызметін атқара отырып, Е.Айталиев холдингтің кадрлық саясатын қалыптастырды және дамытты, компаниялар тобындағы аудиттің бірыңғай процедураларын әзірледі және жүзеге асырды, компаниядағы мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастырды, сондай-ақ холдинг жүйесіне тиімді және ашық сатып алулар процедураларын енгізді.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Холдингті құру мақсаты ұлттық экономиканы дамыту мен әртараптандыру, инвестицияларды тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарындағы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Холдингтің жарғылық капиталына 10 даму институты берілді: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Kazyna Capital Management», АҚ, «Стрестік активтер қоры» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ.

 «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ 2013 жылы Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асыру шеңберінде құрылды. 2012 жылы қабылданған «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Даму стратегиясына сәйкес компанияның негізгі міндеттері: активтерді қайта құрылымдау, наразылық-талаптық жұмыс жүргізу,стрестік активтерді басқару, консалтингтік қызмет. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

7 сәуір 2014, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.