Атырау, 25 қараша 02:31
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«SCAT» авиакомпаниясының ұшағы Астана әуежайында апатты жағдайда қонды

2 397 просмотра

"SCAT"  әуекомпаниясының ұшағы Астанаға апатты жағдайда қонды деп хабарлайды елордалық әуежайдың баспасөз қызметінен.

«Шымкент-Астана» рейсі бойынша жолға шыққан «SCAT» әуе компаниясының ұшағы Астана әуежайында 10.57 сағатта алдыңғы шассиiнiң iстен шығу себебiнен апатты жағдайда қонды», - делінген хабарламада.

Ұшақ бiр сағат бұрын қону керек болған, алайда ақау салдарынан ол бiраз уақыт бойы Астана әуежайына қона алмаған. Ақпарат түскен бойда барлық қызметкер тiк тұрғызылды. Алдын ала қону алаңына ұшақты өрттен сақтайтын арнайы зат та төгiлдi.
"Бортта 5 экипаж мүшесi мен 89 жолаушы болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп жазады әуежайдың баспасөз қызметi.

Айта кетейік, бұдан бұрын да «SCAT» компаниясының Бангкок - Астана бағыты бойынша ұшып шыққан тағы бір ұшағының тежегіші істемей қалып, Астана әуежайында апатты жағдайда қонған болатын. Ұшақ бортында 171 жолаушы мен экипаждың 9 қызметкері болған. Оның ішінде 49-ы - балалар.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

7 сәуір 2014, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.