Теңiз кен орнынан 20 жылда бюджетке 61 млрд доллар түстi – ҚМГ
1 344 просмотра
Теңiз кен орнынан 20 жылда еліміздің бюджетіне 61 млрд доллардан астам қаржы түстi. Бұл туралы бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнде өткен Үкiмет сағаты барысында Мұнай және газ министрi Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
«2013 жылы Теңiз кен орнында мұнай өндiруден рекордтық көрсеткiшке қол жеткiзiлдi – 27 млн тонна. Жоба Шеврон, ЭксонМобил, Лунарко және ҚазМұнайГаз компанияларымен iске асырылуда. 20 жыл iшiнде елiмiздің бюджетiне түскен төлемдер 61 млрд доллардан асты. Оның iшiнде 2013 жылы ғана 11 млрд доллардан астам кіріс кірді. Жоба басталғалы берi ҚМГ дивиденттерi 9 млрд долларға жеттi», - дедi Қарабалин.