Атырау, 25 қараша 02:54
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Риддердегі жекеменшік үйдің опырылып құлауының алдын ала себебі аталды

1 719 просмотра

Риддер қаласының прокуратурасы бүгін облыс прокурорының орынбасары Н.Бижановтың қатысуымен тұрғын үйдің жер астына опырылып құлауы фактісі бойынша брифинг өткізді.

Лениногор әскери тауда-құтқару жасағы мен кен ошағындағы қызметкерлердің күшімен жерүсті, шұңқырға жақын маң тексерілгеннен кейін, сонымен бірге, графикалық материалдарды зерттеуден кейін болжам бойынша Быструшенская 11 горизонты камераларының бірінің төбесі құлаған.

 Брифингте бұл оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 245-бабы 2-бөлімі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзгенде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

Облыс прокуратурасының тапсырмасымен полиция және прокуратураның ең тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы, кінәлі адамдар анықталады, сондай-ақ келтірілген шығынды өтеу мәселесі шешіледі. Қылмыстық істі тергеу ерекше бақылауға алынды. Сонымен бірге қоғамдық тәртіптің сақталуы, адамдардың қауіпсіздігі, азаматтардың құқықтарының сақталуы бақылауда болады.

Риддер қаласындағы стратегиялық нысандардың қауіпсіздігіне баса назар аударылуда. Риддер қаласы әкімінің қаулысымен техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, сондай-ақ оны жою бойынша шаралар ұйымдастырылды.

Еске сала кетейік, 4 сәуір сағат 15 кезінде Риддерде "АлтынТауВосток" ЖШС Риддер-Сокольск кен орнының шахталық табанында топырақтың шөгуі салдарынан жекеменшік үй жер астында қалған. Үй тұрғындары үйлерінен шығып үлгерген.

Оқиға орнында диаметрі 8*8 метр, тереңдігі 110 метр болатын шұңқыр пайда болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

5 сәуір 2014, 20:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.