Атырау, 25 қараша 02:53
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына өзгертулер енгізілді

2 167 просмотра

Қазақстан Респубилкасының Үкіметі 2 сәуір күні «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы қаулы қабылдады деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қабылданған құжатқа сәйкес, бағдарламаға қатысушылардың тізімі 3 топ бойынша түзілетін болады. Сонымен бірінші топқа жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар (жетім балалар, халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобы, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары және т.б.) кіреді. Екінші топқа барлық санаттағы тұлғалар жатады. Ал соңғы топ «Жастар саясаты туралы» ҚР Заңына сәйкес барлық жас отбасыларын қамтиды.

Мәселен, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар бағдарламаның «халықтың барлық санатына арналған баспана», «Қазақстанның ипотекалық команиясы» АҚ баспанасы, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ баспанасы бағыттарына қатыса алады. Аталған топ қатысушыларынан бағдарламаға құжаттарды қабылдау жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылатын болады.

Сонымен бірге жергілікті атқарушы билік арқылы бағдарламаға қатысушылардың 2-ші тобынан да «Қазақстанның ипотекалық команиясы» АҚ баспанасына құжат қабылдау жүзеге асырылады. Жас отбасылар да жергілікті билікке құжат өткізеді. Ал Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі 2-ші топ қатысушыларынан «барлық санатқа арналған баспана» бағыты бойынша құжат қабылдайды.

Қаулымен 2-ші және 3-ші топқа жататын бағдарлама қатысушыларына ортақ талап біріздендірілді. Мәселен, аталған қатысушыларға негізгі критерийлер: ҚР азаматтығы немесе оралман мәртебесі, Қазақстанда меншік құқығы бар баспанасының болмауы, 5 жылдың ішінде мүлкін қасақана иеліген шығару фактісінің болмауы, төлем қабілеттілігін қуаттау, соңғы 2 жыл бойы Астана мен Алматы қалаларында тіркеуде («Қазақстанның ипотекалық компаниясы» ИК» АҚ және Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі желісі бойынша аталған қалаларда баспана алудан үмтікерлерге) болуы.

Маңызды түзетулердің бірі - бірінші кезекте жекеменшік жылжымайтын мүлкі жоқ азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету.

Дереккөз: Baq.kz

4 сәуір 2014, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.