Атырау, 30 қыркүйек 12:33
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қабиболла Жақыпов Қазақстанның Мәжіліс спикері болып сайланды

3 576 просмотра

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Жақыпов Қабиболла Қабенұлын Палата Төрағасы қызметіне сайлады. 

"Жасырын дауыс беру барысында Мәжілістің 103 депутаты Қ. Жақыповтың кандидатурасын қолдап дауыс берді және бір депутат қарсы болды", - деді мәжіліс есеп комиссиясының төрағасы Асқар Базарбаев.

Жақыпов Қабиболла Қабенұлы 1949 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Қазталов ауылында дүниеге келген.  1993 жылдың қаңтарынан бастап 2001 жылдың қаңтарына дейін (8 жыл бойы) Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып, осы өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы жолында жемісті еңбек етті.

2001 жылдан - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің бірінші орынбасары. 2003 жылдан - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары - Үкіметтің Парламент Сенатындағы өкілі, 2007 жылдан - «Нұр Отан» ХДП-ның тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
3 сәуір 2014, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.