Атырау, 25 қараша 02:27
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Назарбаев Қазақстанда қайтадан тағайындалған басшыларға міндеттер жүктеді

1 695 просмотра

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент әкімшілігінің жаңа басшысы Нұрлан Нығматулинге және қайтадан тағайындалған мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбековке міндеттер жүктеді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында мемлекет басшысы жақында премьер-министр болып тағайындалған Кәрім Мәсімовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

«Бұл шешім осындай қиын кезеңде үкімет жұмысына қосымша импульс беру үшін қабылданды. «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында біздің мақсатымыз бар  және оған қол жеткізу үшін үкіметке жұмысты жеделдеткен абзал. Бұл жауапты және күрделі міндет», - деп келтіреді баспасөз қызметі Назарбаевтың сөздерін.

Ол Жақсыбековтің  бұған дейін қызмет атқарған салаларда жинаған тәжірибесі жаңа мемлекеттік хатшы қызметінде көп көмегін тигізетінін атап айтты.

Бұдан басқа, мемлекет басшысы президент әкімшілігін басқару үшін Нығматулиннің өңірлік  және орталық деңгейде үлкен тәжірибесі бар екенін атап айтты.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

3 сәуір 2014, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.