Атырау, 25 қараша 02:36
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ мамандары Қазақстан үшін қызметтік иттерді киік мүйіздерін табуға үйретеді

1 444 просмотра

АСТАНА, 3  сәу – Қазақстан жаңалықтары АА.  АҚШ мамандары Қазақстан үшін қызметтік иттерді киік мүйіздерін табуға үйретеді деп хабарлайды Қазақстанның қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Қазақстан биологиялық әртүрлілікті сақтау қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігімен бірге «Үстірт экожүйелерін сақтау бастамасы» жобасы аясында 2014 жылғы 12 сәуір мен 1 мамыр аралығында Алматы қаласында қызметтік иттермен жұмыс істейтін нұсқаушы кинологтарды даярлау тренингін өткізеді.

«АҚШ жаттықтырушылары өздерімен бірге әкелетін төрт қызметтік итті (бельгиялық және неміс овчаркалары) киіктердің мүйіздерін іздеп табуға үйреткеннен кейін қазақстандық кинологтарға тапсырады. Жаттықтырылған иттерді шекаралық кеден бекеттерінде пайдалану жоспарланып отыр»,-делінген хабарламада.

Болашақта кинологтар үшін олардың иттерін киік мүйіздерін табуға үйрету бойынша отандық дербес курс ұйымдастырылмақ.

«Алматыда өткізілетін оқу-жаттықтырудан өткен нұсқаушылар құқық қорғау органдарының, жол және экологиялық полицияларының, «Охотзоопром» ӨБ» қызметкерлерінің және басқа да мүдделі ұйымдар кинолог-мамандарының жаттықтырушылары болмақ»,-деп атап көрсетеді ведомство.

Дереккөз: newskaz.kz

3 сәуір 2014, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.