Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы
1954 ж. 26 шілдеде Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бүрлі ауылында дүниеге келген.
1978 ж. Бүкілодақтық кинематография (Мәскеу қ.) мемлекеттік университетін тәмамдаған, 1987 ж. Плеханов атындағы халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы:
Қазақ КСР Мемкино жүйесінде, материалдық-техникалық жабдықтау органдарында жұмыс істеп, кәсіпорындарға басшылық еткен.
1988—95 жж. көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы.
1995 ж. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланады.
1996 ж. Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады.
1997 ж. желтоқсанынан 2003 ж. маусымына дейін Астана қаласының әкімі.
2003 ж. шілдесінен 2004 ж. желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.
2004 ж. желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.
2008 ж. қаңтарынан Нұр Отан халық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
2008 ж. қараша айынан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», III дәрежелі «Барыс», ІІ дәрежелі князь Ярослав Мудрый (Украина) ордендерiмен, басқа да үкіметтік наградалармен марапатталған.
Астана қаласындағы «Дөңгелек алаң» сәулет кешені үшін Қазақстан Республикасының 2008 жылғы мемлекеттік сыйлық иегері.
«Зажечь звезду-столицу», «Так начиналась Астана. Записки первого акима столицы» кітаптарының авторы.
2009 ж. маусым айынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметін атқарды.