Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов 1965 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген.
1982 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін үздік бітірді. 1985 жылы Мәскеу қаласындағы П.Лумумба атындағы Халықтар Достығы университетінде араб филологиясы бойынша білім алды.
1988 жылы Пекиндегі Тіл білімі институтында оқыған. 1991 жылы Қытайдағы Ухань заң университетін, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын тәмамдады.
1999 жылы Колумбия университетінде (Нью-Йорк) топ-менеджерлер даярлау бағдарламасынан өткен.
Орыс, қазақ, Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген.
Қызмет жолы:
1991 жылы - Қытай Халық Республикасындағы КСРО Сауда өкілдігінің құқықтық мәселелер бойынша кеңесші;
1991 жылы ҚР Еңбек министрлігінде сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бастығы, Бас экономист;
1992 жылы «Қазақпригранторг» фирмасының басшысы, Үрімші (Қытай) қаласындағы «Қазақинторг» өкілдігінде жетекші маман, директор орынбасары;
1993 жылы «Акцепт» ЖШС басшысының ішкі экономикалық мәселелер жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарады;
1994 жылы Гонконг қаласындағы Қазақ сауда үйінің басқарушы директоры;
1995 жылы «Алматы сауда-финанс банкі» ЖАҚ Басқармасының бастығы;
1996 жылдың қыркүйек айынан «ТұранӘлембанк» Басқармасы бастығының міндетін орындаушы;
1997 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан Халық жинақ банкі» ААҚ Басқармасы бастығының 1-орынбасары, қыркүйек айынан бастап басшысы;
2000 жылдың тамыз айынан ҚР Көлік және коммуникация министрі;
2001 жылдың қарашасынан ҚР Премьер-министрінің орынбасары;
2002 жылдың шілдесінен ҚР Президентінің көмекшісі;
2006 – 07 жылдары ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметтерін атқарған;
2007 ж. қаңтардың 10-ында Қазақстан Республикасының Президенті жарлығыменен Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалды.
2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.
Дереккөз: bnews.kz