Атырау, 25 қараша 02:39
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда тау кодексі жасап шығарылуда

1 705 просмотра

Қазақстанда тау кодексін құру бойынша жұмыс басталды, деп хабарлады ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Нұрлан Сауранбаев.

«Тау кодексі бойынша жұмыс басталды. Егер бұған дейінгі түзетулер жер қойнауын пайдаланушылар өмірін оңайлататын ағымдағы жеңілдеткіш амал-шараларға қатысты болса, енді бүгіндері тау кодексінде геологиялық барлау жұмыстарын реттеу үшін, тау-кен саласындағы бизнес климатын жақсарту бойынша қаржылық-экономикалық құралдардың үлкен пакетін қарастырады», - деді Н. Сауранбаев сейсенбі күні өткен «Тау-кен саласындағы инновациялар мен инвестициялардың ілгерілеуі» атты тау өнеркәсібі форумында.

Ол құжаттың маңызды құралы «бірнеше келісім-шарттар бойынша шығындар есебін жасау мүмкіндігі» болып отырғанын атап өтті.

Одан өзге, министр орынбасарының айтуынша, «барлау жұмыстарының барлық шығындары салықтық бөлік бойынша да босатылып, басқа да қосалқы ауыртпалықтардан ада болса» жаман болмас еді.

Ол «жер қойнауын пайдаланушылар үшін геологиялық барлау жұмыстарының максималды қатермен өтетіндігін, және мемлекеттіңсол қатерлерден ақша тапқанынқаламайтынын» қоса жеткізді.

Н. Сауранбаев сондай-ақ Қазақстанда еліміздегі жалғыз геологиялық орталықтың пайда болуы бойынша министрлік жұмысының жақын арадағы жетістіктерін де жеткізді.

Оның ақпарынша, орталық құрылысы 2014 жылы басталады; осының өзінде геология мен геологиялық барлау саласында мамандар даярлаумен айналысатын бес көшбасшы институтпен арада меморандумға қол қойылған. Сөз соңында ол жаңа технологияларға айырбас ретінде қазақстандық мемлекеттік сыңайлы компаниялар перспективалы аумақтарды ұсынуға дайын екенін айтты.

Дереккөз: ҚазТАГ

2 сәуір 2014, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.