Атырау, 25 қараша 02:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Фиджи Республикасы Қазақстанда құрметті консулдықтарын ашуды жоспарлауда

1 376 просмотра
1 сәуірде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев Фиджи Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Равиндран Робин Наирмен кездесті, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында туризм саласында екіжақты әріптестік мәселелері талқыланды. Елшінің айтуынша, Фиджи аралдары Алматы мен Астанада консулдықтарды ашуды жоспарлауда.

Сонымен қатар екіжақты әңгіме барысында қос елдің туризм саласына инвестиция тарту, қосарланған салықты алып тастау, салық ставкаларын қайта қарастыру, арнайы туристік экономикалық аймақтардағы нысандарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қазақстандық тарап Фиджи Республикасы Ұлттық туристік әкімшілігінің өкілдерін Астана экономикалық форумына және EXPO-2017 көрмесіне қатысуға шақырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

2 сәуір 2014, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.