Ұлыбритания ханшайымымен көрші қазақтар. Британдық баспасөз Лондондағы ең қымбат үй қожайындарының тізімін жариялады. Ауқатты байлардың тізімінде қазақ олигархтары да бар.
Байлардың тізімін украиндықтар бастаған. Одан кейін Ресей олигархтары тұр. Олар Лондоннан құны 2 миллиард еуродан асатын зәулім сарайлар сатып алыпты. Ал үшінші орында – Қазақстан. Қалталы жерлестеріміз бағасы 15-60 миллион еуроның пәтерлерінде тұрады екен. Айта кетсек, Лондонды қазақтың қашқын шенеуніктері әлдеқашан екінші үйіне айналдырған. Англиядан соңғы болып пана тапқандардың ішінде бюджеттің миллиардтарын қалтаға басқан Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев пен бауыры Аманжан да бар.
Дереккөз: baq.kz