Ақмола және Қарағанды облыстарында қауіпті су басу жағдай қалыптасуда, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.
«Серік Нығметұлы, жалпы Ақмола мен Қарағанды облыстары бойынша су тасқыны ахуалы барынша күрделеніп келе жатқандығын атап өткім келеді. Өйткені қар жылдам еріп жатыр.Екі облыстың да аумағында ағын су бар әрі бірқатар елді мекенді су басты. Анықтамалар дайындалуда, сәйкес үлгіде беретін боламыз», - деді ол.
Божконың атап өтуінше, төтенше жағдайлар ведомствосының барлық күш-құрылымдары су тасқынының алдын алуға жұмылдырылған. Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде.
Дерекөз: Қазақстан жаңалықтары АА.