Атырау, 25 қараша 02:34
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қаржы полициясы «Қазатомпром» ұлттық компаниясының топ менеджерлерін қамауға алды

2 006 просмотра

Қаржы полициясы аталған қылмысты жасауға қатысы бар деген айыппен «Қазатомпром» ұлттық компаниясының басқарушы директоры В.Шевелевті және «Қазатомпром-Демеу» ЖШС директоры С.Әбдрәзақовты ұстады, деп хабарлады қаржы полициясының баспасөз қызметі. 

Естеріңізге салсақ, оған фирмасына мердігерлік құрылыс жұмыстарын өткізуге бөлінген «Қазатомпром» ұлттық компаниясының 1,3 млрд.теңге ақшалай қаражатын ұрлады деген айып тағылуда.

"Қаржы полициясы аталған қылмысты жасауға қатысы бар деген айыппен «Қазатомпром» ұлттық компаниясының басқарушы директоры В.Шевелевті және «Қазатомпром-Демеу» ЖШС директоры С.Әбдрәзақовты ұстады. Олар сот санкцясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
1 сәуір 2014, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.