Астана әуежайына қонар кезде «Скат» әуе компаниясы Боинг-757 ұшағының тежеуіш жүйесі істен шығып қалды, ұшақ бортында 180 адам болған, деп хабарлайды елордалық әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2014 жылғы 1 сәуірде сағат 4.10-да Астана әуежайына қонар кезде «Скат» әуе компаниясының Боинг-757 жолаушылар ұшағының сол жақ шассиінің тежеуіш жүйесі істемей қалғандықтан, барлық төрт дөңгелегі бүлініп, түтін шықты. Әуежайдың барлық қызметтері жұмыла қызмет атқарды.
"Ұшақ Бангкок-Астана бағытымен ұшып келді. Онда 9 экипаж мүшесі мен 171 жолаушы (122 ересек, 49 бала) болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ», - делінген ақпаратта.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.