Атырау, 25 қараша 01:08
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

4 561 просмотра
2014 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасында көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды, деп хабарлады республика қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке әскерге шақыру туралы» 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 Жарлығына сәйкес бүгін республиканың барлық қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде әскерге шақыру комиссияларының жұмысы басталады.

2014 жылғы көктемде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 11 мыңнан астам адам әскерге шақырылатын болады. Қорғаныс министрлігі үш мыңға жуық жас буынды Қарулы Күштер қатарына шақырса, қалғандары Ішкі әскерлер мен Шекара қызметі, Республикалық ұлан, Төтенша жағдайлар министрлігі әскери бөлімдеріне жіберілетін болады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
1 сәуір 2014, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.