Атырау, 25 қараша 00:31
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстандағы барлық зейнетақы қорының салымшылары БЖЗҚ-ға қосылды

1 957 просмотра
Биыл 26 наурызда Қазақстандағы барлық қорлардағы салымшылардың жеке зейнетақы шоттары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстырылды. Бұл туралы пікірталас клубында БЖЗҚ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ерденаев айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, барлық ЗЖҚ-дағы зейнетақы активтері біріктірілген соң БЖЗҚ-ндағы барлық келісім бойынша зейнетақы жинағы 3,9 трлн теңге болатын 9 млн 689 мың 947 зейнетақы шоты болды. Руслан Ерденаев айтуынша, БЖЗҚ басқа қорлардың шоттарды беруінде қиыншылыққа жолықпаған. Зейнетақы қорларын біріктіру ҚР Ұлттық банкінің белгілеген кестесі бойынша жүргізілді.

Р.Ерденаев егер зейнетақы қорының салымшысы қайтыс болса оның активін мұрагерлері пайдалана алады деп отыр. Ол үшін БЖЗҚ-ға туыстығын айғақтайтын құжаттарды ұсынуы керек.

Зейнетақы жинағы мен активтерді есепке алу үшін және шоттрады зейнетақы қорынан БЖЗҚ-ға аудару үшін айрықша бағдарлама жасалған. Осы бағдарламаны әзірлеумен айналысқан Ұлттық банктің Банкілік сервис бюросының директоры Евгений Самойленкобағдарлама адами факторды болдырмау үшін жасалғандығын атап өтті.

«Егер зейнетақы қоры жеке зейнетақы шоты туралы есеп берсе, ол сол қалпында сол көлемде БЖЗҚ-ға берілді», - дейді Е. Самойленко.

Естеріңізге сала кетсе, 26 наурызда Халық банкі ЗЖҚ зейнетақы шоттарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қосу басталған еді. 1 млрд 323 млн теңге жиналған 2 млн 438 мың салым аударылды.

Дереккөз: bnews.kz

31 наурыз 2014, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.