Атырау, 25 қараша 00:42
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Су басқан Көкпекті ауылының алты тұрғыны үсік шалып, ауруханаға жатқызылды

2 177 просмотра

Су басқан Көкпекті ауылының алты тұрғыны «үсік шалу» диагнозымен ауруханаға жатқызылды  деп хабарлайды Қарағанды облысы бойынша  ТЖД дүйсенбіде.

Бұрын хабарланғандай, 31-не қараған түні судың көп келуіне және  Көкпекті су қоймасы  бөгетінде қажетті су өткізу мүмкіндігі бар шлюз камерасының болмауынан бөгет үстінен су аға бастады, 100-ге тарта үйді су басты, қаза болған 4 адамның мәйіті табылды, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Көкпекті ауылының 125 тұрғыны құтқарылды, 300-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі уақытта ТЖ жою бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Оқиға орнына ҚР ТЖ бойынша министрі Владимир Божко келді.

«Көкпекті ауылында штаб жанындағы медициналық пунктке тоғыз адам көмекке жүгінді, оның алтауы «үсік шалу» диагнозымен ауруханаға жатқызылды», -делінген хабарламада.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА. 

31 наурыз 2014, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.