Атырау, 25 қараша 00:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қарағанды облысының Көкпекті ауылында 125 адам құтқарылды, ТЖ-ны жою жұмыстары жалғасуда

1 994 просмотра
Қарағанды облысында  су қоймасын су жаюы салдарынан Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында  100-ге тарта үйді су басты, ТЖ-ды жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады облыстық ТЖД бпаспасөз қызметі.

«Судың көп келуіне және  Көкпекті су қоймасы  бөгетінде қажетті су өткізу мүмкіндігі бар шлюз камерасының болмауынан 2014 жылдың 30 наурызы 18.30-дан бастап бөгет үстінен су аға бастады», - делінген хабарламада.

Пайда болған қауіпке байланысты ескерту жасалып, Көкпекті ауылының 70 ауласының және Қарағанды қаласының Сортировка кентінің  30 ауласының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар мектептер мен өздерінің туыстарына көшірілді. Көкпекті өзенінің бойындағы, одан әрі Нұра өзенінің бойындағы барлық елді мекендерге ескерту жасалды. Әр үйге арнайы барып, хабарлама жасалды.

2014 жылдың 31 наурызы 1.30 кезінде Көкпекті су қоймасының бөгетін су шайып кетуіне байланысты Көкпекті ауылының 100-ге жуық үйін 1,5-1,8 метрге дейін су басты.

2014 жылдың 31 наурызы 2.45-тен бастап кентте су деңгейі төмендей бастады.

Су басқан баспаналардан халықты қауіпсіз жерге көшіруге ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс полкінің апаттық медицина бөлімі, жеке құрамның 124 адамы мен жеке құрамның 15 техникасы жұмылдырылды.

Құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қаза болған 4 адамның мәйіті табылды. Көкпекті ауылының мектебінде ТЖ-ды жою мен медициналық пункт бойынша штаб жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі уақытта ТЖ жою бойынша жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнына ҚР ТЖ бойынша министрі Владимир Божко шықты, деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

31 наурыз 2014, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.