Атырау, 25 қараша 01:05
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан Украина Сыртқы істер министрлігінің нотасын түсінбестікпен қабылдады

2 513 просмотра
Украина СІМ нотасы парасаттық оймен емес, эмоциямен жасағанға ұқсайды. Бұл пікірді бүгін ҚР СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов білдірді.

 «Украина Сыртқы істер министрлігінің нотасын түсінбестікпен қабылдадық. Бұл нотаның пайда болуы парасатты оймен емес, эмоциямен жасалғанға ұқсайды. Қазақстан Украинадағы жағдай бойынша салмақты және шынайы ұстанымда. Біздің Елбасымыз бірнеше рет, сонымен қатар Гаагада барлық тараптардың бейбіт келіссөздер арқылы жалпыхалықтық нағыз репрезентативті демократиялық сайлаумен елдің экономикалық қайта қалыптасуына ықпал жасау негізінде украиналық дағдарыстан шығуға шақырды.  Біз аталған мәлімдемелерге украиналық тарапты алаңдататын негіз көріп отырған жоқпыз», - деді Ж. Үсенов.

Оның атап өтуінше, бүгін Украинаның уақытша сенімді өкілі ҚР СІМ-не шақырылып, еліміздің украиналық дағдарысқа қатысты ұстанымы тағы бір мәрте түсіндірілетін болады. «Аталған нотаға жазбаша жауап беруді жоспарлап отырған жоқпыз», - деді ресми өкіл.

Дереккөз: ҚазАқпарат

28 наурыз 2014, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.