Атырау, 25 қараша 01:08
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Қордай», «Қорғас» және «Достық» кедендерінің басшылары ауысты

3 508 просмотра

Қазақстанның кедендік органдарында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды деп хабарлайды бейсенбіде республиканың қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

"Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаменті «Қордай» кедені бастығының міндетін атқарушы лауазымына Тұрсынбек Өмірәліұлы Ермеков тағайындалды. Тағайындалғанға дейін ол, Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Бахты» кеден бекетінің басшысы-басқарма басшысы лауазымында болды",-делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының бұйрығымен Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаменті «Қорғас» кеденінің бастығы Совет Балапашұлы Жүнісбеков атқарып отырған лауазымынан босатылып Комитеттің ұйғарымында қалдырылды."Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаменті «Қорғас» кедені бастығының міндетін атқарушы лауазымына Нұрлан Құмарұлы Әзімбаев тағайындалды.Бұрын ол, Комитеттің «Достық» кеден бекетінің бастығы лауазымында болды",-делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының бұйрығымен Комитеттің «Достық» кедені бастығының міндетін атқарушы лауазымына Мәлік Ғалиұлы Шайғалиев тағайындалды. Тағайындалғанға дейін ол, Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Қордай» кеденінің «Қордай-КРО» кеден бекетінің басшысы-басқарма басшысы лауазымында болды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

28 наурыз 2014, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.