Атырау, 25 қараша 01:00
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

БҚО-да құлаған нысан ресейлік метеорологиялық зымыран екені анықталды

1 554 просмотра
БҚО Бөкей орда ауданында Шонай ауылының маңында құлаған снарядқа ұқсас нысан метеорологиялық зымыран екені анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша зымыран 27 наурыда Астана уақытымен 12 сағат 20 минутта Шонай ауылынан 500 метр қашықтықта құлаған.

«Құлаған затты қарап шыққан Бөкей орда әкімдігінің жедел тобы оның метеорологиялық зымыран екендігін анықтады», - деп жазады БҚО ТЖД.

Қазіргі уақытта оқиға орнына әкімдіктің, аудандық ішкі істер бөлімінің, облыстық қорғаныс департаментінің, экологиялық қызметтің, облыстық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудан прокуратурасының өкілдері аттанды.

«Оқиға салдарынан зардап шеккен немесе қаза тапқан адамдар жоқ», - деп мәлімдеді ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

28 наурыз 2014, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.