Атырау, 25 қараша 01:01
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Спорт саяси байкоттың нысанына айналмауы тиіс - УЕФА басшысы

1 586 просмотра

АСТАНА, 27 нау -Қазақстан жаңалықтары АА. Саясаткерлер  спортты саяси байкоттың нысанына  айналдырмауы тиіс деп есептейді  УЕФА президентi Мишель Платини.

"Саяси сауалдар, байкот жасау туралы талаптар - бiздi мұндай талаптар әбден мезi қылды. Спортпен шаруасы жоқтар осындай талаптарды орындатуға шамалары жетiп жатады. Қандай да бiр шара өтпесiн, олар оған байкот жасауға асық тұрады. Керiсiнше елшiлiктердi, экономикалық келiсiмдердi, елден елге қатынайтын ұшақтарды байкоттау қажет. Бiрақ байкот жасалу керек болса, бiрiншi спорт зардап шегетiнi нелiктен?!" - деп қынжылды УЕФА басшысы Астанада өткен УЕФА конгресiнiң қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында.

"Жақында ғана Сочи Олимпиадасына байкот жарияланды. Менiңше, спортқа шектеу қойғанның орнына, сол елге барып, өз ұстанымдарыңды бiлдiруiң керек. Саясатпен саясаткерлер айналысуы тиiс, ал спорт адамдарды бiрiктiретiн күш болуы қажет", - деп атап өттi Платини.

Дереккөз: newskaz.kz

27 наурыз 2014, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.