КТК арнасынан алынған кадр.Қарағанды облысында 8-ші сыныптың оқушысы өзіне қол жұмсады. 15 жастағы Шыңғыс Кәрібай мектептен келе сала асылып қалған. Қайғыдан қара жамылған ата-ана бұған мектеп басшылығын кінәлап отыр. Сол күні сыныптасының мұрнын қанатып қойған Шыңғысты ұстаздары мен инспектор жиналысқа салып, әбден шошытыпты. Бала өлімі бойынша қазір қылмыстық іс қозғалған. Бірақ, марқұмның туыстары істің бұрмаланып жатқанын айтуда.
- Мына жерде тұрды аяғы жерге тиіп жатты былай, қатты ілініп тұрған жоқ бала. Капюшонның сыртынан жіп ілініпті.
Оқушының өлі денесін көршісі тауып алған. Шыңғыстың шешесінің өтініші бойынша ол, баланы іздеп, үйіне келіпті. Кейін қораға бас сұққанда естен тана жаздаған. Бұл уақытта шешесі инспектор мен мұрны қанаған қыздың анасының жанында отырған екен.
Баян Камзина Шыңғыстың анасы:
- Бөлімге апарған Шыңғысты. Баладан бізсіз қалай түсінік алған дедік. Мұрны соғылған қыздың ата- анасы «кешірмеймін» деп отырды тура. Жүрегім қарс айрылып отыр. Қайтейін, мектеп құртты ғой енді, мектеп кінәлі.
- Шыңғыс пен параллель сыныпта оқитын Лаура есімді қыз дәл мына физика кабинетінің алдында соқтығысқан. Еңкейіп бәтеңкесінің бауын байлап тұра бергенде басы артына таяп кеп қалған қызың мұрнына тиеді. Мұрны қан жоса болып айқай- шу басталып кеткен. Бірақ оқиғаның куәгері болған сыныптастыра бұл жайттың қасақана емес, тіптен байқаусызда болғанын бірауыздан айтыпты.
Сынып жетекшісі оқиға кезінде мектепте болмағанын айтады. Сондықтан түсініктемені мектеп басшылығы алған. Өзі естігесін ғана Шыңғыстың шешесін мектепке шақыртыпты. Бірақ бұл кезде бәрі кеш еді.
Береке Қанафина, сынып жетекшісі:
- Сол кезде көргеннен әлі көз алдымнан кетпейді. Шыңғыс менің сүйікті оқушым ғой. Алтыншы сабақтың үстінде завуч алыпты, төрт баладан сосын, Шыңғыстан түсініктеме. Бұл байқаусызда болған оқиға өте. Өзі өте таза бала болатын. Үсті басына шаң жуытпайтын.
Сол күні оқушыны тергеген мектеп басшылығы мен инспектор түрлі сылтаулармен қарасын көрсеткен жоқ. Марқұмның туыстарының айтуынша істі жылы жауып тастауға мектеп түгілі аудан басшылығы барын салып жатқан көрінеді. Себебі ауданның 190 жылдық мерейтойы алдында абыройды айрандай қылатын қылықты жариялау жағымсыз. Әйтпесе осы мектепте болған масқара бұл ғана емес дейді олар.
Айнұр Мақанова Шыңғыстың әпкесі:
- Сорақы жағдайлар көп болып жатыр мына қазақ мектебінде. 8 класстың қызының аяғы ауыр боп қалған дейді, оның барлығын жылы жауып тастап жатыр. Мынаны да сөйткілері келеді.
Дереккөз: ktk.kz